Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында жігіт ағасын өлтірді деген күдікке ілінді

Түркістан облысында жігіт ағасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданында учаскелік полиция инспекторына ауыл тұрғыны хабарласып, белгісіз жағдайда жалғызбасты көршісі жоғалып кеткенін жеткізді.

Бірден шақыртуға учаскелік полиция инспекторы Берік Айдосов шықты. Тәртіп сақшысы оқиға орнын мұқият тексеру барысында, үйдің ауласында орналасқан құдыққа апаратын жолдан қанның іздерін байқады. Анықталғандай тереңдігі екі метрлік құдықта ер адам қимылсыз жатқан, оны ауыл тұрғыны танып, көршісі екенін айтқан.

Табылған мәйіт бойынша полицей кезекші бөлімнің 102 пультіне хабарлады. Бірнеше минут ішінде аудандық бөлімнен жедел-тергеу тобы келді. Криминалистер тексеру кезінде мәйіттен көптеген көгерген тұстары мен гемотомаларды тапты.

Аталған жайт ҚР ҚК 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша Келес АПБ-нің СДТБТ-ға тіркелді.

Мән-жайды анықтау үшін полицейлер, қайтыс болған ер азаматтың таныстарын, олармен қарым-қатынасын, өмір сүрген салтын зерделеді. Үзіліссіз жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жәбірленушінің туыс інісі күдікке ілінді. Оны полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көшелердің бірінен ұстады.

Белгілі болғандай, жігіт туысының үйіне келген. Екі ер адамның арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде інісі туыс ағасын өлгенше ұрып-соққан. Содан кейін жігіт өзінің ауыр қылмысын жасыру үшін мәйітті үйдің ауласында орналасқан суы тартылған құдыққа лақтырып, қашып кеткен.

Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады