Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

12 маусым күні таңертең үш өрт болды

 

Ағымдағы жылғы 12 маусымда сағат 05:36-да Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Кондаратовка ауылында «Астық ЛТД Нұр компания» ЖШС аумағында жалпы ауданы 1100 ш.м. 4 қойма үй-жайы өртенді. Өрт 07:29-да ауыздықталды. 


Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД СҚО күштері мен құралдары, аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел тергеу тобы, ерікті өрт сөндіру құралымдары құрамында 46 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.



Ағымдағы жылғы 12 маусымда сағат 06:25-те Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылында жеке тұрған 2 қабатты «Аят ата» СҮ 2-қабатында 250 шаршы метр аумақта өрт шығып, 32 шаршы метр аумақта бір қабатты жапсарлас қойманың төбесіне өтті. Өрттің жалпы  аумағы 282 ш.м. құрады. Өрт салдарынан «Газель» автокөлігінің кабинасы жанып кетті. Сағат 08:10-да өрт жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД мен ПД 36 қызметкері мен 9 бірлік техника шықты.



Ағымдағы жылғы 12 маусымда сағат 07:44-те Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданының 23 қабатты «Сенатор» ТК 20 қабатында 5 ш.м.  аумақта пәтерден өрт шықты, мұздатқыш камерасы, терезе рамалары мен балкондағы үй заттары өртенді. Алдын ала себеп - мұздатқыш камераның қысқа тұйықталуы. 08:15-те өрт жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Тұрғындар өздігінен шықты. Нұр-Сұлтан қ. ТЖД-нен 25 адам және 5 бірлік техника шықты.


Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті