1 маусымда Қарағанды облысының ТЖД-да өрт қауіпті және суға шомылу маусымы өту мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Спикер болып ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев сөз сөйледі.
Соңғы бірнеше күнде қалыптасқан ыстық жауын-шашынсыз ауа райы өрт санының өсуіне ықпал етеді.
Тек өткен демалыс күндері ғана, 30-31 мамырда Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері өрттерді және жануларды сөндіруге 318 рет шықты, оның ішінде екі ірі және күрделі өртті сөндіруге. Өрт сөндірушілер 295 рет шөп пен қоқысты сөндіруге шықты.
30 мамыр күні Қарағандыда Ермеков көшесіндегі «Гигант» спорт объектісінде өрт шықты. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД 55 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды. Отты жоюға үш сағаттан астам уақыт кетті. Өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.
31 мамырда Қарағанды қаласының маңында орналасқан «Ясная сказка» қонақ үй кешенінің аумағында 250 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өртті сөндіруге 45 адам мен 12 бірлік техника жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі оттың ашық көзі болды.
Тек өткен тәулікте өрт сөндірушілер мен құтқарушылар 225 рет шықты. Соңғы рет тәулік ішінде ең көп шығулар 2013 жылғы маусымда тіркелген – құтқарушылар 198 рет шыққан.
Облыс тұрғындарын отпен және өрт қауіпті заттармен абай болуға шақырамыз! Құрғақ және ыстық ауа райы өңірдегі өрт қауіпті жағдайды күрделендіреді. Отпен жұмыс істеу кезінде ұқыпты және жауапты болу керек. Құрғақ шөпті өртеу өте қауіпті. Азаматтарды өз іс-әрекетіне жауапты болуға - құрғақ шөп, қоқыс, терек түбін жағуға, сөндірілмеген темекі тұқылдарын және сіріңкелерді тастамауға, балалардың отпен ойнауының алдын алуға шақырамыз. Құрғақ және желді ауа райында тіпті аздаған өрт үлкен көлемді алып, үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Облыс аумағында дауылды ескерту - 35-39 градус ыстық жарияланғаның еске саламыз.
Сонымен қатар, адамдар су қоймаларына жаппай баруда.
Біздің қызметкерлер суда қауіпсіздік шараларын түсіндіру бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Бірақ бұған қарамастан, адамдар белгіленбеген орындарда және мас күйінде суға жүзуді жалғастыруда.
Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының су айдындарында екі адам суға батып, 3 адам құтқарылды.
30 мамыр күні Кеңгір су қоймасында жабдықталмаған жерде 2003 жылы туған бозбала суға батып кетті. Суға кеткен адамның денесін құтқарушылар жағадан 12 метр қашықтықта және 4,5 метр тереңдікте алып шықты.
Екінші жағдай Бұқар жырау ауданында Нұра өзенінде Петровка ауылынан 3 км жерде орын алды. Құтқарушылар 1996 жылы туған жас жігіттің денесін судан алып шықты.
- Жаз мезгілінде ең көп таралған құқық бұзушылықтар жабдықталмаған жерлерде шомылу, спирттік ішімдіктерді ішу, жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарында болу болып табылады.
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабына сәйкес тыйым салынған орындарда шомылу, ортақ су пайдалану ережелерін бұзу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
- ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша алкогольдік ішімдіктерді ішу 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Су айдынында демалу орындарында болған кезде келесі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
- - жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылмау;
- - суға кірмеуге және алкогольдік және есірткілік масаң күйде шомылуға;
- - балаларды қараусыз қалдырмау;
- - суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секірмеуге;
- - тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;
- - жүзудің шекарасын белгілейтін қалтқылардан аса жүзбеңіз;
- - жағалаудан алыс жүзбеңіз, өз күшіңізді асыра бағаламаңыз;
- - жүзуге арналмаған заттарда жүзбеңіз;
- - балаларға ересектерінсіз суға кіруге болмайды;
- - тәуліктің қараңғы уақытында шомылмау;
- - жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарында болмауы;
- - су қоймаларын ластамау.