Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысушыларға арналған ескерткіш ашылды

 


Таразда қала күніне орай Чернобыль атом электр станциясындағы апатты залалсыздандыруға қатысушыларға арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды zhambyl.gov.kz.


Биыл Чернобыль атом электр станциясында апаттың орын алғанына 32 жыл толып отыр. Дүние жүзіндегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстың зардабын жоюға 800 мыңдай адам қатысса, оның 32 мыңы қазақстандық еді. Чернобыльдегі радиактивті түтін 10-нан аса мемлекеттің 200 мың шаршы жерін ластады, 5 миллионға жуық адам оның зардабын шекті. Жарылыс сол аумаққа бір мезгілде 100 атом бомбасы тасталғандай болды.


ХХ ғасырдағы ең ауыр техногендік апатын ауыздықтауға Жамбыл облысынан 1200 жерлестеріміз қатысты. Олар өз денсаулығы мен өмірін құрбан ете отырып, радиацияның таралуына жол бермеуге ат салысты.


Бейбіт күндегі ерлеріміздің ерен ерліктері мен өнегелі істері бүгінгі жас ұрпаққа үлкен өнеге. Өткенді ұмытпау – оларға құрмет көрсету бүгінгілердің парызы, борышы. Бұл ескерткіш сол борышты орындаудын бір көрінісі десек қателеспейміз. Бұл ескерткіш саябақтың көркің арттырып қана қоймай, мән-маңызын да еселей түспек.


Чернобыль атом электр станциясындағы апатты залалсыздандыруға қатысушыларға арналған ескерткішті ашуға Қазақстан Республикасы Чернобль ардагерлері және мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі филиалының төрағасы Бақытжан Әшірбаев және Жамбыл облыстық Чернобль одағы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Владимир Хорошин қатысты.


Сурет : zhambyl.gov.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді