Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекті 29650 отбасы алатын болады

 

Ол үшін республикалық бюджеттен 16,7 миллиард теңге қарастырылуда. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды zhambyl.gov.kz.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов  баяндама жасады. Айта кетейік, еліміздегі кедейліктің шегі күнкөрістің ең төмен деңгейі 70 пайызға дейін көтеріліп, 20 мың 800 теңге болып отыр. Осыған орай қайта нақтылауда, өңірдегі аталмыш әлеуметтік көмекті алушылардың саны да арта түскен. Басқарма басшысының айтуынша, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 29650 отбасының әлеуметтік картасы түзілген,  онда барлығы 150400 адам қамтылмақ. Ал, бұған дейін, бұл көрсеткіш 14849 отбасыны, 74517 адамды құраған.

Асқар Исабекұлы атаулы әлеуметтік көмекпен әдістемеге сәйкес белгіленген отбасылардың толығымен қамтылуына  аса назар аударып, есептеу кезіндегі кеткен кемшіліктердің кесірінен мұқтаж азаматтардың қалтарыста қалып кетпеуіне көңіл бөлді.  Сол  үшін олардың отбасылық табыстарын есептеу шараларын аса мұқият жүргізуді тапсырды.

Өңір басшысы жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен асатын, алайда қаржылай қолдауға зәру өзге де отбасылардың  аз еместігін баса айтып, оларға да қажетті көмектер көрсетудің тетіктерін ойластыруды тапсырды. Бұл орайда,  алдағы уақытта аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған облыстық бағдарлама дайындалуы мүмкін. Оған қажетті қаражат облыстық бюджеттен қарастырылып,  гранттар немесе тиімді жолмен қайтару қарыздары беру көзделуде. Ол  халықтың әлеуметтік осал топтарына тиімді табыс көзін қалыптастыруға мүмкіндік беру керек деді облыс әкімі.

Сурет : zhambyl.gov.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді