Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарлық полицейлер боранда жолда қалған жүргізушілерді құтқарды

Павлодарлық полицейлер боранда жолда қалған жүргізушілерді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына бұрқасынның салдарынан жолда қалып қойған жүргізушілерден бірнеше алғыс келіп түсті.

Бұл оқиға туралы Полиция басқармасы жүргізушілердің өтінішінен кейін ғана білді.

– Қыста саяхатшы үшін ең жаман нәрсе – қатты боранда жолда қалу. Дәл осындай жағдайға біз, яғни жүргізушілер 15 ақпанда Павлодар-Нұр-Сұлтан автожолында Төрт-Құдық кентінің маңында тап болдық. Алдымызда боранды қамал тұрғандай болды, тіпті қол созым жерде не болып жатқаны көрінбеді. Колоннада 100-ге жуық автокөлік, ауыр жүк және жеңіл көліктер де болды. Бір сәтте бәріміз тоқтадық, себебі қозғалудың мәнін көрмедік, – деп жазады Ресей Федерациясы Омбы қаласының тұрғыны Данияр Сағындықов.

– Мен Нұр-Сұлтан қаласынан шықтым, бәрі жақсы болды. Ақмола облысы арқылы өтетін жол таза болды. Төрт-Құдық кентінің маңынан өтетін Павлодар-Нұр-Сұлтан автожолында бір уақытта түк көрінбей кетті. Бақытымызға орай, осы уақытта Павлодар облысының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері – Қуандық Рахметов пен Біржан Нажимов өз учаскелерін патрульдеп жүрген екен, олар барлығымызды тыныштық сақтауға шақырып, алаңдамауды сұрады. Содан кейін, полицейлердің біреуі бүкіл бағанның алдында жүгіріп отырса, ал екіншісі маяктарды қосып, көру аймағы пайда болғанша тас жолмен бізді алға жетеледі. Олардың қар кептелісіне түскен автокөліктерге қиындықтан шығу шешімін тауып, жол көрсетті, сонысымен мына біздерге тигізген көмектері зор болды, – деп жазады 20 жылдық тәжірибесі бар жүргізуші Вячеслав Васильевич.

 

– Мен Toyota Camry автокөлігімен шықтым, салонда екі ер адам және бір әйел адам болды. Сағат 16.50 шамасында Екібастұз тас жолында Төрт-Құдық ауылының маңында тұрып қалып, қар үйіндісінен шыға алмадық. Бұл ауданда патрульдік полиция қызметкерлерінің осы кезде патрульдеу жүргізгендері қандай жақсы болды. Балалар келіп, күректердің көмегімен біздікінен басқа тағы 4 автокөлікті қазып алуға көмектесті, арқансымды жалғап, көлікті үйінділерден тартып шығарды. Осы уақытта, көліктің артындағы жолда кептеліс пайда болды, 20-дан астам көлік жиналды. Бірақ кептелістен құтылғанымен, көліктер жүре алмады, өйткені олардың алдында ақ түтек боран болды, – деп жазады жүргізуші.

Қуандық Рахметов өзінің денсаулығы мен өміріне төнген қауіпке қарамастан, сол кездегі ең дұрыс шешімді қабылдап, бет қарыған желге қарамастан жаяу жүрді. Оның серіктесі машиналардың бүкіл бағанасын алып, оның соңына ілесіп жолға шықты. Осылайша, полиция қызметкерлері баяу, бірақ нақты әрекетпен, ұзын- сонар бағанды боран құрсауынан аман шығарып, Шідерті ауылына дейін еріп жүру арқылы жеткізді.

– Қиын жағдайға тап болған, біздің көмегімізге мұқтаж азаматтарға көмектесу – бұл әрбір полицейдің бірінші кезектегі міндеті, – деп санайды павлодарлық полицейлердің өздері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді