Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысының тас жолдарында ондаған көлік қарлы боран астында қалды

Алматы облысының тас жолдарында ондаған көлік қарлы боран астында қалды, полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды құтқаруды өз қолдарына алды, деп хабарлайды Polisia.kz.


Райымбек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары мен қонақтарына қар құрсауынан шығуға көмектесуде. Ауа райының нашарлауына байланысты облыстың көптеген автожолдарында осындай проблемалар туындауда.


– Райымбек ауданының ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары, атап айтқанда Кенже Болатхан мен Мажен Әліби боран салдарынан жолда қалып қойған адамдарға көмектесу үшін аудан автожолдарын патрульдеуде. Олар сондай-ақ асфальтты қардан үзіліссіз тазартатын қар жинайтын машиналарды осы қиын жерлерге тартуда, – дейді Райымбек ауданының ПБ бастығы Мұрат Нұрдәулетов.


Желіде жарияланған видеода полиция қызметкерлерінің қызметтік көлікпен тұрып қалған машиналарды буксирмен шығарып жатқанын көруге болады.


Естеріңізге сала кетейік, республикалық және облыстық маңызы бар көптеген жолдар қатты жел мен қалың тұманға байланысты жабылды. Ал полицейлер өз кезегінде бұл орындарда тәулік бойы кезекшілік атқаруда.


– Қатты боранға қарамастан, тұрғындар мұқтаждықтарына байланысты жол жүріп, ұзақ сапарларға шығады. Сапар барысында сіздерден бұл туралы таныстарыңызға және туыстарыңызға хабарлауларыңызды сұраймыз. Қосалқы жылы киімдерді, сіріңкелерді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасын өзіңізбен бірге алыңыз. Есіңізде болсын, қатал ауа-райы сізге қатал мінез танытуы мүмкін! – деп толықтырды ол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты