Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шардаралық мұғалімдердің есепшотынан 17 млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды

Шардаралық мұғалімдердің есепшотынан 17 млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-ға қаладағы бірнеше мектептердің есепшотынан, яғни мұғалімдердің жалақыларынан аса ірі мөлшердегі қаржының негізсіз бөтен есепшотқа аударылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Шардаралық полицейлер ақпарат алысымен бірден іске кірісіп, қылмысты ашу үшін ірі көлемдегі ақшаның қайда аударылғанын анықтаудан бастады. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары тәулік ішінде күдікті есепшотты анықтап, оны бұғаттап үлгерді. Сонымен қатар, есепшот иесінің жеке басын анықтады. Күні-түні үздіксіз атқарылған іс-шаралар барысында күдіктінің Алматы қаласында жүргендігі айқындалды. Содан Шардара АПБ КПБ-нің жедел уәкілдері Сәбитжан Аязханов пен Бақберген Оңалбай Алматы қаласына іс-сапармен барып, күдіктіні ұстап, жас жігітті полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай, жас жігіт бұрын қаржы саласында жұмыс жасаған. Өткен жылдың қыркүйегінде аталмыш жұмыс орнынан шығып, Алматы қаласына кеткен. Біраз уақыт жұмыссыз қалған оған ақша қажет болып, оны “оңай жолмен” табуға кіріседі. Содан арам ойын іске асырып, 40-тан астам мұғалімнің жалақысын өз шотына аударып алған. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 17 млн теңгеден асты. Айғақты зат ретінде күдіктіден 1,5 млн теңге тәркіленді.

Бүгінгі таңда полиция бөліміне жеткізілген күдікті жас жігіт қамауға алынды. Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап, тергеу амалдарын жалғастыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі