Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктері қысқы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық сектордың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін көмір жеткізуді аяқтады.
2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес тұтыну көлемі шамамен 10 млн. тоннаны құрады. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн. тонна, тұрғындарға – 7,2 млн. тонна. 2020 жылғы 17 қарашадағы жағдай бойынша олардың көмір қорымен қамтамасыз етілуі 87% - ды құрайды.
Өткен жылыту маусымының осы кезеңінде көмірмен қамтамасыз ету коммуналдық-тұрмыстық секторды 83,5%-ды, халықты 81,1%-ды құрады.
Әкімдіктердің ақпараты бойынша, өңірлердегі халық үшін көмірдің бағасы тоннасына 6000 теңгеден 19000 теңгеге дейін құрайды.
Коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар және халық үшін көмірдің негізгі көлемі тауар биржалары арқылы сатылады. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік және халық үшін көмір бағасы көмір разрезінің жөнелту бағасынан, тасымалдауға кеткен темір жол тарифтерінен, жылжымалы құрамды күтіп-ұстау, көмірдің биржалық құнынан, сондай-ақ халыққа жеткізетін делдалдық ұйымдардың және жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады.
Кеніштің бортындағы баға тоннасына 2800 теңгеден 8200 теңгеге дейін құрайды және көмір өндіру технологиясына байланысты. Елдің энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындарына көмір тікелей шарттар мен разрездердің босату бағалары бойынша тиеледі.
2020 жылғы 17 қарашадағы жағдай бойынша еліміздің энергия өндіруші кәсіпорындарына 47,3 млн тонна көмір тиелді. Өнеркәсіп кәсіпорындарына 4,7 млн тонна көмір жіберілді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 2% - ға артық. 23,7 млн тонна көмір экспортталды.
Анықтамалық:
- Ақмола облысы (КТС –64,1% , халқы – 91,1%);
- Ақтөбе облысы (КТС – 100%, халқы – 66,6%);
- Алматы облысы (КТС – 100%, халқы – 89,8%);
- ШҚО (КТС – 100%, халқы – 99,8%);
- Жамбыл облысы (КТС – 100%, халқы-97,3%);
– БҚО (КТС – 103,6%, халқы-142,9%);
- Қарағанды облысы (КТС – 100%, халқы – 79%);
– Қостанай облысы (КТС – 100%, халқы-93%);
- Қызылорда облысы (КТС– 100%, халқы – 96%);
- Павлодар облысы (КТС – 100%, халқы-90,2%);
- СҚО (КТС – 82,7%, халқы – 83,8%);
- Түркістан облысы (КТС – 74,3%, халқы – 71,4%);
- Нұр-Сұлтан қаласы (халқы– 72,2%);
- Алматы қ. (КТС– 100%, халқы – 70,5%);
– Шымкент қ. (КТС – 100%, халқы-100%).
- Батыс Қазақстан облысында өткен жылыту кезеңінен шамамен 1 мың тонна көмір қалды және бұл жалпы көлемі 700 тоннаны құрайтын халықтың қажеттілігін толығымен жабады.
- "Көкшетау Жылу" ШЖҚ МКК қоймасының сыйымдылығы бар болғаны 56 000 текше метрді құрайтындықтан, көмірдің барлық көлемін қабылдау мүмкін емес. Осылайша, көмір апта сайын және қажет болған жағдайда жеткізіледі.