Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда ағымдағы жылдың 11 айында 98,1 млн. тонна көмір өндірілді

Еліміздің көмір өндіруші компаниялары ағымдағы жылдың 11 айында 98,1 млн.тонна көмір өндірді. Өз кезегінде энергия өндіруші кәсіпорындарға 52,9 млн. тонна көмір тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7% - ға артық. Өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,1 млн. тонна көмір жөнелтілді, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 9,4 млн.тонна көмір тиелді. Көмір экспорты шамамен 26,4 млн.тоннаны құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес тұтыну көлемі шамамен 10 млн. тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн. тонна, тұрғындар – 7,2 млн. тонна болады.


2020 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір қорымен қамтамасыз ету 90,8% - ды, халықты 97,1% - ды құрайды.Өткен жылыту маусымының осындай кезеңінде қамтамасыз ету: коммуналдық-тұрмыстық сектор 89,5%, тұрғындар 89,6% құрады.


Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті. Сондай-ақ, БҚО, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктері халыққа көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті.


Әкімдіктердің ақпараты бойынша, өңірлердегі халық үшін көмірдің бағасы тоннасына 6000 теңгеден 19000 теңгеге дейін құрайды.


Коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар және халық үшін көмірдің негізгі көлемі тауар биржалары арқылы сатылады. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік және халық үшін көмір бағасы көмір разрезінің жөнелту бағасынан, тасымалдауға кеткен темір жол тарифтерінен, жылжымалы құрамды күтіп-ұстау, көмірдің биржалық құнынан, сондай-ақ халыққа жеткізетін делдалдық ұйымдардың және жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады.


Кеніштің бортындағы баға тоннасына 2800 теңгеден 8200 теңгеге дейін құрайды және көмір өндіру технологиясына байланысты. Елдің энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындарына көмір тікелей шарттар мен разрездердің босату бағалары бойынша тиеледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді