Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтандық полицейлер елордаға синтетикалық есірткі жеткізуші арнаны жойды

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері елордаға синтетикалық есірткі жеткізуші арнаны жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимі кезінде қалада құқықтық тәртіпті бұзуға жол бермеу мақсатында жеркілікті-рейдтік тексерістер жүргізуде.

Осылайша, Петров көшесінің бойында 23 жастағы күдікті ұсталды. Жеке тінту жүргізу барысында полицейлер күдіктіден ішінде есірткі заты бар 29 дана түйіншекті анықтап, тәркілеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткіні өткізуші “тауарды” өзінің жеке интернет дүкені арқылы халық көп жиналатын орындарға қойып кету жолымен өткізген. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында ұсталған адам полиция қызметкерлеріне жасырын орындарды көрсетті. Аталған орындардан ішінде есірткі заты бар “қалташалар” тәркіленген.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бойынша айып тағылды, мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты