Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада полицейлер аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткінің жолын кесті

Қызылордалық жедел уәкілдер жалпы салмағы 352 грамм синтетикалық есірткі “мефедрон” затын таратып жүрген адамды құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл Қызылордада айналымнан алғаш алынған қауіпті есірткі препараттарының бірі.

Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына келіп түскен жедел мәліметтерге сәйкес, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 10 тамыз 2021 жылы сағат 14:30 шамасында Қызылорда қаласында Атырау қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталып, одан жалпы салмағы 116 грамнан асатын “мефедрон” синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Қала орталығынан оның жалдаған пәтеріне тінту жүргізу барысында синтетикалық есірткі дайындайтын кішігірім зертханаға айналдырған. Пәтерде сатуға дайындап, 91 данаға бөлектенген ақ түсті ұнтақтар, сонымен қатар дайындауға арналған таразы, рулон фольга, түрлі-түсті изолента, скотчтар, түрлі-түсті бояғыштар, дәмдеуіштер анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Сараптама қорытындысымен тәркіленген ұнтақтың “мефедрон” синтетикалық есірткіге жататынын бекіткен.

Атырау қаласының тұрғыны аталған есірткі заттарын жалдамалы пәтерінде өзі өлшеп, бөлектеп, дайындап, қала орталығында сататыны анықталды.

Қылмыстық іс бойынша оқиға болған жерді нақтылау тергеу әрекеті барысында күдікті интернет желісі арқылы тапсырыс қабылдап, синтетикалық есірткі заттарын қала орталығындағы әр түрлі орындарға жасырған жерлерін көрсетіп, жалпы салмағы 81 грамнан асатын 50 дана “мефедрон” синтетикалық есірткі заты анықталып, тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын