Қарағанды облысында ауыл шаруашылығында жаңа ғылыми-өндірістік орталық пайда болды. Ол азық базасын дамытумен айналысады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Академик Қылыш Бабаев атындағы ҒӨО Қарағанды ауылшаруашылық тәжірибе станциясының жанынан құрылған. Ғалымдар жем өндіретін фермерлерге сапалы тұқымдар шығарып көмектескісі келеді.
– КарСХОС бұрыннан бері дәстүрлі түрде дәнді дақылдармен айналысады. Бұл бағыт қала береді. Бірақ біз өндірісті әртараптандырудамыз. Өз стратегиямызды жаңа тенденциялар мен міндеттерді ескере отырып түзеттік. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы бойынша ғылыми орталық болуға ұмтыламыз. Станцияның шамамен 12 мың га жері бар, оның бір бөлігін қазір жемшөп өндірісіне бөліп жатырмыз, – деді А. Ф. Христенко атындағы КарСХОС басқарма төрағасы Дархан Балпанов.
Оның айтуынша, отандық ғылыми институттармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату жоспарлануда. ҒӨО міндеті – қуаңшылыққа төзімді жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту болып табылады. Мамандардың күш-жігері сүрыптарды әзірлеуге, тексеруге, бейімдеуге және аудандастыруға бағытталатын болады.
Дархан Балпанов мақсары өсіруге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Бұл дәнді-дақыл әлемдік нарықта сұранысқа ие және құрғақ жағдайларға жақсы бейімделеді.