Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Франция Қазақстанға зілзалаға төзімді құрылыс саласында бірлескен жобалар ұсынды

Францияның зілзалаға төзімді құрылыс қауымдастығы (AFPS) Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) ынтымақтастық туралы ұсыныспен ресми хат жолдады, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР ИИДМ-не сілтеме жасай отырып.

AFPS құрметті президенті Пьер Соллогуб (Pierre Sollogoub) Қазақстан Республикасының зілзалаға төзімді құрылыс қауымдастығының төрағасы, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шоқбаровты зілзалаға төзімді құрылыс саласындағы бірлескен жобаларға қатысуға шақырды.

Тараптар ынтымақтастық шеңберінде ғимараттар мен құрылыстардың зілзалаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, жаңа құрылыс технологияларын зерттеп, қолдана алады, жас мамандарды бірлесіп оқытуға және ортақ теориялық және тәжірибелік зерттеулер ұйымдастырады алады.  

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың шілдесінде Қазақстан Халықаралық зілзалаға төзімді құрылыс қауымдастығына (IAEE) кірді. Осыған байланысты Ералы Шоқбаровқа Қазақстан Республикасынан IAEE ұлттық делегаты атағы берілді.

Анықтама үшін:
Қазақстан Республикасының зілзалаға төзімді құрылыс қауымдастығы-Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) базасында құрылған.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ - аса күрделі инженерлік-геологиялық жағдайдағы аудандар мен зілзалаға қауіпті өңірлерді қоса алғанда, Қазақстан құрылысын дамыту саласындағы еліміздегі жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты.

Институттың 89 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

Францияның зілзалаға төзімді құрылыс қауымдастығы French Earthquake Engineering Association (AFPS) – 1983 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым.

Қауымдастық зілзала және олардың топырақ, құрылыстар мен қоршаған ортаға салдарын зерттеумен, сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою және адам өмірі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында зерттеумен айналысады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді