Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында атыс болып, тоғыз күдікті ұсталды

Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

15 желтоқсанда кешкі сағат 18.00 шамасында Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентінде бір топ азаматтар жанжалдасып, қару қолданған. Салдарынан аялдамада тұрған үш жасөспірім оқтың ұшқынынан жарақат алды.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігімен (Адам өлтіруге оқталу) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Жасөспірімдер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілді. Олардың біреуі сол күні қайтарылса, қалған екеуі дәрігерлік бақылауға алынған. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің жағдайы тұрақты.

Орын алған қылмыс бойынша полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде “ізін суытпай” 8 күдікті анықталып, ұсталды.

Бұдан бөлек, кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, оқ атқан негізгі күдікті құрықталды. Ол кінәсін мойындады. Қылмыс құралы тәркіленіп, айғақты зат алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының (Ұстап алудың негіздері) талаптарына сәйкес, ұсталған 9 күдіктіге қатысты “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалып, олар қамауға алынды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті