Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Ас үй пышағын көрсетуді сұрады”: жасөспірім дүкен сатушысына шабуыл жасаған

Елордалық полицейлер дүкендегі сатушыға қарақшылық шабуыл жасаған жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның “102” арнасына күндізгі уақытта дүкендердің бірінен белгісіз жігіттің сатушыны пышақпен қорқытып, 100 мың теңге ақша алып кеткені туралы қоңырау түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу нәтижесінде күдікті “ізін суытпай” ұсталды. Тергеу барысында 17 жастағы жігіттің дүкенге кіріп, сатушыдан сатылымға қойылған ас үй пышағын көрсетуді сұрағаны анықталды. Пышақты қолына алған ол сатушы әйелді қорқытып, ақша талап еткен. Әйел жасөспірімнен пышақты тартып алуға тырысқан. Алайда осы сәтте күдікті оны қолынан жарақаттап, кассадағы ақшаны алып, қашып кеткен.

Қаскөйді патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұстады. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің полиция есебінде тұрғаны және бұрын қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғаны анықталды.

– Дүкенде бейнебақылау камералары болған жоқ. Бірақ сатушы күдіктінің белгілері мен киімдерін есіне сақтап қалған. Шұғыл түрде бағдарлау жасалды. Жедел уәкілдер күдіктінің нақты белгілерін анықтады. Күдікті отырған такси көлігі анықталып, ол ұсталды, – деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты