Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысының 3 тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі табылды

Қызылорда облысының үш тұрғынынан екі мыңға жуық сора өсімдігі мен тоғыз келі марихуана табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 18 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс шарасы барысында Жаңақорған ауданы Байкенже ауылынан 70 шақырымдай жерде 1 968 түп сора өсімдігін егілгендігі анықталды.

Жедел тергеу тобымен жүргізілген іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде Қызылорда қаласының 54, 39 және 29 жастағы тұрғындары ұсталды.

Оқиға орнын тексеру барысында 1 968 түп жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерден бөлек, оны баптап өсіруге арналған құрал-саймандар, екі дана 16 калибрлі тіркелмеген мылтық, 24 дана оқ, киім кешектер мен азық-түлік анықталып, айғақ зат ретінде алынды.

Қазіргі таңда күдіктілер Жаңақорған АПб-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (Ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар оқиға орнынан бұдан бөлек тағы тоғыз килограммнан аса марихуана затына ұқсас шөп тәріздес зат алынып, қазіргі таңда сот сараптамасы тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді