Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында құрылыс алаңындағы отырыс адам өліміне әкелді

Алматы облысында құрылыс алаңындағы отырыс адам өліміне алып келді, деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қараша күні Жамбыл АПБ кезекші бөліміне Айдарлы ауылының 32 жастағы тұрғынының “іш қуысының кесілген жарақаты” диагнозымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл АПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторлары күдікті – Ұзынағаш ауылының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын мойындады. Оның айтуынша, салынып жатқан сарайдың иесімен бірге ішімдік ішкеннен кейін ол жәбірленушімен ұрысып қалған. Төбелес кезінде ол оның ішінен пышақпен бір ұрған. Қылмыс құралы болған пышақ заттай дәлел ретінде алынып, іске қоса тігілді.

Күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес УҰО-ға қамаққа алынды. Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ұсталған адамға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ауруханаға жеткізілген жәбірленуші екі күннен соң, алған жарақаты салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Осыған байланысты күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды.

Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді