Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында ойын клубына қарулы қарақшылық шабуыл жасалды

Алматы облысында ойын клубына қарулы қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары күдіктілердің “ізін суытпай” ұстады.

Алматы облысының полицейлері ойын клубынан миллион теңгеден астам қаражат ұрлаған қаруланған қарақшыларды жедел түрде анықтап, ұстады.

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында сағат 04.00 шамасында Панфилов ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне Жаркент қаласындағы ойын клубынан қарулы қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті.  Қарақшылар бір миллионнан астам теңгені иемденіп кеткен.

Арызданушылар қылмыскерлердің тапаншамен қаруланғанын және қорқыту мақсатында жоғарыға бір рет оқ атқандарын жеткізген. Аталған факт ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі 1,4-тармақтары бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы ақпаратты растады. Тексеру барысында қылмыс орнынан диаметрі 9 мм болатын атыс гильзасы табылды. Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері мен Панфилов ПБ КПБ жедел қызметкерлері Жаркент қаласының тұрғындары болып табылатын үш күдіктіні Алматы қаласының әртүрлі жерлерінен (қонақ үйден, жалдамалы пәтерден және көшеден) анықтап, ұстады. Ұстау кезде 20 жастағы күдіктіден ұрланған ақшаның жартысы мен тапанша тәркіленді. Соманың тағы бір бөлігі 22 жастағы екінші күдіктіден және олардың 23 жастағы серіктесінен алынды.

– Барлық ұсталған азаматтар дәлелдермен әшкереленіп, қалған ақшаны ойын-сауыққа жұмсағанын жеткізіп, қылмыс жасағандарын мойындады. Қаскүнемдердің әрекеттері бейнекамераларға түсіп қалған. Барлық үш фигурант ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілгенге дейін УҰО-ға қамаққа алынды. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – деді Алматы облысы ПД ТБ бастығының орынбасары Самал Арғынғазынова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды