Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде ер адам бөтелкелесін пышақтап өлтірді

Ақтөбеде ішімдік ішкен таныстар арасында жанжалдан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйінде жасалған қылмыстар, әдетте, ұқсас схема бойынша жүреді. Туыстар немесе таныстар арасында ішімдік ішкен уақытта жанжал туындайды, бұл денсаулыққа ауыр зиян келтірумен аяқталады.

Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Кеңкияқ ауылының ауруханасының қабылдау бөліміне 41 жастағы тұрғынның мәйіті жеткізілді.

Аталған факті бойынша медициналық мекемеге жедел-тергеу тобы жіберілді, олар “ізін суытпай” 33 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, қайғылы оқиға жәбірленушінің үйінің ауласында орын алған. Спирттік ішімдік ішкен таныстардың арасында жанжал туындап, соңында күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын келтірген. Қылмыс орнынан ас үй пышағы тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Мас күйінде қылмыс жасаған адамдар құқықбұзушылық жасалған кезде өз әрекеттерінің ауырлығын түсінбей жатады. Ішімдік ішкен уақыт – адамды тура жолдан тайдырады, адам агрессивті болады және жасалған әрекеттердің ауырлығын түсінбей қалады, бірақ бұл азаматтарды жасаған қылмыстары үшін заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді