Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында өндіріс саласында айтарлықтай өсім байқалуда

Алматы облысы аграрлы аймақ саналғанымен кейінгі жылдары өңірде өндіріс орындары көптеп ашылып, кәсіпкерліктің тынысы ашылып, өндірісті аймаққа айналды. Бүгінде өлкемізге қаржы құйса ұтылмайтынына сенген қаржыгерлер өндіріс ашуға көптеп ниет таныта бастады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Инвесторларға мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалана отырып, «Индустриалды-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы» сияқты бюджеттік бағдарламалардың рет-ретімен жүзеге асырылып жатқаны да шетелдіктердің ойынан шығып тұр. Осы орайда жоғары технологиялы жаңа өндіріс орындарын құру, сүт өнімдерін өндіру, жеміс-жидек пен көкөніс өңдеу, құс шаруашылығын өрістету, құрылыс индустриясы мен туризм салаларына да қызығып отырғандар аз емес. Қысқасы, өңіріміздің осы мүмкіндігіне қызығып отырған шетелдік инвесторлар өте көп. Тіпті, екі жақты келісімдерге қол қойылып, жұмыс бастағандары да, алдағы уақытқа өз жобасын ұсынып келіп-кетіп жатқандар да жетерлік. 

Жалпы, осы 30 жылда Алматы облысының экономикасына 6,5 трлн. теңге инвестиция салынды. Бұл Елбасының тапсырмасына сәйкес қабылданған Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының арқасында іске асырылды. Соның арқасында «Кока-Кола», «RG BRANDS», «Хамле», «Филип Моррис», «Джей Ти Ай», «Фуд Мастер», «Danone», «Адал», «Кнауф-Гипс», «АлаЦем», «Эффес» сынды ірі брендтік кәсіпорындар пайда болды.

Бүгінде Мемлекет басшысының "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауының аясында пандемиядан кейін экономиканың өсуін қалпына келтіру, инвестиция тарту және халықтың табысын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды. Алматы облысында осыған орай бірқатар кешенді шара қабылданып, тынымсыз жұмыс жүруде. Трансұлттық компаниялардың республика бойынша 19 жобасының ішінде жалпы инвестиция сомасы 290 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба Алматы облысында іске асырылуда. Олардың ішінде «Маревен Фуд», «Лукойл», «Willo», «Фуд Миллс» сияқты жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған жобалар бар.

Атақты «Rollton» және «Bigbon» өнімдерімен танымал Қапшағай қаласындағы «Арна» индустриалды аймағынан орын тепкен «Маревен Фуд Тян-Шань» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі елдегі ең ірі инвестициялық жобалардың бірі. Біртіндеп бес желі іске қосылды. Нәтижесінде қазір бұл жерде танымал «Роллтон», «Бигбон» және «Петра» брендтерімен кеспе, макарон, сорпа, картоп пюресі мен сусындар және чипсы сияқты тағамдардың алпыс бес түрі шығарылады. «Роллтон» макарон өнімдері итальяндық технологияны қолдана отырып жасалады. Осы кезеңде аталған зауытты іске қосудың нәтижесінде аймақ экономикасына 45 миллион АҚШ доллары тартылып, 600-ден аса жұмыс орны құрылған. Жылына кәсіпорында 85 мың тоннадан аса жылдам әзірленетін дайын өнімдер өндіріледі. Зауыттан шығарылған дайын өнімдер Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан сынды көршілес елдерге экспортталады. Қазіргі таңда экспорт деңгейі 70 пайызға жуықтаған. Кәсіпорынды автоматтандыру дәрежесі 85 пайыздан асқан.

Бүгінгі күні аймақта өңдеу өнеркәсібі облыс экономикасын дамытудың локомотиві деп толық сеніммен айта аламыз, тиісінше бұл саладағы өсім 14,3 пайызды құрап отыр. Айталық, биыл өңдеу өнеркәсібінде қуаты 1,2 млн. тонна, инвестиция көлемі 47 млрд. теңге «Алацем» цемент зауыты іске қосылды. Сондай-ақ, «Pure Pack» алкогольсіз сусындар шығаратын зауыты жұмысын бастады. Жыл соңына дейін «Frosco» жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру және терең мұздату кәсіпорнын, «Алюгал» және «Азия темір ЛТД» (10 мың тонна) құрылыс материалдарын өндіретін екі зауытты іске қосу жоспарлануда.

Облыс аумағындағы 6 индустриалды аймақтың құрылуы бұл саладағы жұмысты ширатып, отандық және шетелдік инвесторлардың қызығушылығын арттыра түсті. Бір кездері жеке адамдардың меншігіне өтіп кетіп, Амандық Ғаббасұлы облыс әкімі болғаннан кейін оны мемлекет меншігіне қайтарып, «Қайрат» индустриялық аймағын құрған еді. Міне, қазір сол өңір шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудыруда. Жуырда облыс әкімі Амандық Баталов америкалық «Valmont Industries» компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігінің бас директоры Кевин Миш (Kevin Meusch) және аталған компанияның Қазақстандағы жетекшісі Ричард Спунермен (Richard Spooner) кездесіп, тараптар тамшылатып және жаңбырлатып суару, аграрлық ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу тақырыбында кездесу өткізген болатын. Егер келісім жүзеге асса, 198 гектар аумақты құрайтын «Қайрат» индустриялды аймағында шалғайдағы америкалықтар инвестициясы есебімен ел экономикасын өркентедетін ірі жоба қолға алынады. 

Аталған «Қайрат» индустриялық аймағында тағы бір ірі жоба –құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын ресейлік трансұлттық компания "ТехноНИКОЛЬ» компаниясының құрылыс жұмысы басталғанын айта кеткен жөн. Бүгінде кәсіпорынның Ресей, Белоруссия, Литва, Италия, Ұлыбритания, Германия сияқты алты елінде 53 өндіріс орны бар. Компания өнімдері 95 елге жеткізіледі. «ТехноНИКОЛЬ Орталық Азия» ЖШС-нің бас директоры Нияз Сүлейменовтың айтуынша, биыл маусым айында басталған құрылыс жұмысын 2023 жылы күзге қарай ел игілігіне беріледі. Онда битум-полимер материалдары, минералды мақта, композиттік плиткалар, тағы да басқа құрылыс материалдары шығарылып, жерлестеріміздің сұранысын қанағаттандырумен қатар, құрылыс материалдарын экспорттауға жол ашпақ.

Иә, аймақтағы осындай жақсы бастамалар өндірісі өркендеп, инвесторлардың арманын жүзеге асыруға көмектесуде. Мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Алдағы уақытта облысымыздың билік пен бизнес өкілдері ынтымақтаса отырып, бұдан да зор нәтижелі жұмыстарға жол ашып, өндірісіміздің өркендеуіне серпін беретін игі бастамаларды жаңғырта түспек. Қалай болса да, осы атқарылып жатқан жұмыстар елдің қамы, жердің нәрі, келешектің берік болуы үшін істелген дүниелер.

Қажет Андас, Алматы облысы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді