Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекеттік бағдарлама аясында кәсібін дөңгелетіп отырған Оралдық кәсіпкерлер

Батыс Қазақстан облысында "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, "Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламасы және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы сынды бағдарламалар өңірімізде іске асырылып, халық арасында кең қызығушылыққа иеленіп отыр. Аталмыш бағдарламалардың қолдауымен облысымызда кәсібін дөңгелетіп отырғандар аз емес. Солардың бірі тіс дәрігері – Самат Ихласов, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кейіпкеріміз 2017 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына барып, бағдарлама жайында ақпарат алған. Кейін екінші деңгейдегі банктер мамандарынан аталмыш бағдарлама жайында сұрастырған. Тиісті құжаттарды рәсімдеп,  «Доктор Самат» атауымен ЖШС ашқан.  

«Негізгі мамандығым – дәрігер-стоматолог. Аталмыш бағдарлама аясында 2017 жылы 13 600 000 теңге соммасында қаражат несиеге алып, кәсіп аштым. Кейін кәсіпкерлерді қолдау ұйымына барып, тағы да бірнеше несие алып, кәсібімді үлкейттім. Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша  бірнеше тіс ауруханамыз бар. Кезінде қолдау білдірген осы сынды бағдарламалар көбейіп, өңіріміздегі кәсіпкерлік саласы дами берсін деп тілегім келеді».

Елге пайда қылуды мақсат еткен Мирас Бауыржанұлы болса Оралда тиімді әрі қолайлы табиғи өнім шығаруды армандаған.

«Өзім 7 жыл бойы құрылыс саласында маркетолог болып қызмет атқардым. Құрылыс өнімдерін сатумен айналысып жүріп, 2019 жылы Арболит өнімі жайлы естідім. Бұрыннан тиімді әрі қолайлы табиғи өнім шығаруды армандап жүргенмін. Арболит жайында ақпарат қарастырып, зерттеп жүргенімде 2020 жылы мемлекеттік грант туралы білдім. Аталмыш гранттың ерекшеліктерінің бірі облысымызда бұрын-соңды болмаған, жаңа, тың өнімді шығару екен. Өз ойымдағы бизнес-жоспарымды ұсынып, қорғап шықтым. Осылайша қазіргі таңда Арболит өнімімен облыс көлемінде жұмыстанып жатырмыз. «Бизнес жол картасы»  бағдарламасы менің қиялымдағы кәсіпті ашуға үлкен көмегін тигізді».

Мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіп ашып, сәтті жұмыс істеп жатқан келесі кейіпкерлеріміз - Алмагүл және Арман Давыдовтар. Олар 6 ай бойы жоспарланған жұмыс нәтижесі бойынша бахилалар шығару кәсібін таңдаған. Бұл кәсіп түрі өнімнің ұзақ сақталуымен тиімді дейді «Алмагүл» ЖК басшылары.

«Қазіргі таңда өнім мезгілге байланысты аптасына 1 рет шығарылады. Күзге таман кәсіп қарқынды түрде жанданады. Жұбайыммен қандай кәсіп ашу жайында ойлана келе, осы бахилалар шығаруды құп көрдік. 2018 жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында несие алып, қазіргі таңда кәсібімізді сәтті жүргізіп отырмыз».

Өңірімізде осы сынды мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсіп ашып, шаруасын жандандырып отырған жандар аз емес. Бағдарламалар аясында облысымызда жаңа нысандар көбеюде.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді