Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Орал қаласының басшысы Абат Шыныбеков мектеп директорларымен кездесу өткізді

Батыс Қазақстан облысында 16  қараша  күні шаһар басшысы Абат Шыныбеков пен орынбасары Мирболат Нұржанов қала мектептері директорларымен «Құндылықтарға негізделген білім» тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Елімізде биыл пандемияға байланысты онлайн форматта білім алған оқушылар биылғы оқу жылын толықтай оффлайн форматта бастады. Қашықтан оқу кезеңі білім беру форматында кей олқылықтардың орын алғанын көрсеткен болатын, осы орайда білім министрлігінің қолдауымен білім саласында орын алған олқылықтарды жою мақсатында арнайы жобалар қолға алынып отыр. Осыған орай аталмыш шарада білім беру ұйымдарындағы жаңашылдықтар, оқушылар білімінің сапасы мен білім беру саласын дамытудағы қолға алынған жобалар жайында сөз қозғалды.  Жиынды қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова жүргізді.

«Жаңа оқу жылының І тоқсанын 55135 оқушы аяқтаған болса, білім сапасы – 55,47 пайыз, үлгерім көрсеткіші – 99,9 пайызды  құрады. Қаладағы 51 мектептің 10-ы инновациялық білім ұйымдары саналады. Жалпы білім беретін мектептер бойынша білім сапасы – 55,06 пайыз болса, мектеп-гимназиялар мен мектеп-лицейлердің білім сапасы – 60 пайыз. Бұл 2019-2020 жылмен (оффлайнда оқу) салыстырғанда 8 пайызға жоғары болса, 2020-2021 оқу жылындағы (онлайн оқу) кезеңмен салыстырғанда 7 пайызға төмен. Жалпы оффлайн форматтағы оқу кезеңдерін салыстырсақ, әр жылы білім сапасының 7-8 пайызға артуын байқауға болады», - деп оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері туралы қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Дауымова баяндады. 

Сонымен қатар биыл «Жазғы мектеп» жұмыс жасап, жазғы лагерьлерде қосымша сабақтар жүргізілді.


Шара барысында қала басшысы Абат Шыныбеков сөз сөйлеп, мектеп басшыларына алдағы жұмыстарында сәттілік тіледі. 

«Жан басына шаққандағы қаржыландыру есебінен жыл сайын қаладағы мектептер материалдық-техникалық ресурстарын нығайтуда. Білімді ұрпақ – кемел келешегіміздің кепілі. Сондықтан мемлекет осы бағытты қолдауға ерекше  мән беріп отыр. Осы орайда жобалық жұмыстарды жүргізумен қатар, бөлінген қаражаттың  сұранысы болатынын ескеруіміз керек. Бұл – ең бастысы білім сапасының дәлелденуі» – деді  Абат Абайұлы.

Биыл «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясы жаңа білім беру әдісін қолға алып, білім шаһарларына енгізбек. Орал қаласының білім беру бөлімі де аталмыш академиямен бірге «Басқарудың жаңа моделі» курсын бастаған болатын. Алты айлық курс аясында мектеп басшылары өз ұжымымен бірге мектептердегі өзгерістер бойынша арнайы жобалар дайындайды және оған «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының сарапшылары консалтингтік көмек көрсететін болады. Курс аясында жуырда бір топ білім саласы қызметкерлері оңтүстік астана мен бас қаладағы үздік мектептердің басқару моделімен танысып келген болатын. Осы ретте курсқа қатысушы 35 мектеп бүгінгі күні миссияларын жаңартып, трансформацияға бет бұруда. Шара барысында «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының басшысы Гүлмира Қорғанбаева курстың мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижесі туралы хабардар етсе,  үздік мектептердің моделімен танысып қайтқан директорлар өз кезегінде басқаруындағы білім ұйымдарына жаңашылдықтарды енгізу бағытындағы жұмыстары туралы айтып өтті.


Қазіргі заманғы мектептер түрлі бағыттарда жұмыстанады. Осы ретте Оралдық білім ұйымдарының бағыттарын айқындап, оқушылар мен ата-аналарға тиімді ету маңызды. Абат Абайұлы әр бағытты жүзеге  асырудағы мектептердің мүмкіндіктерін алға тартты және цифрлық бағыттың заман талабы, сонымен қатар маңызды бөлігі екенін жеткізді. Осы тақырып төңірегінде шаһар басшысы «Биыл қала мектептеріне 94 жаңа кабинет алынды. Оның ішінде мультимедиа, робототехника, стем-лабораториялар бар. Оқушыларымыз осы кабинеттермен жұмыс жасап, нәтижесін көрсетуі  керек» деді. Осылайша қала басшысы Абат Шыныбеков кездесуді қорытындылай келе, білім сапасын көтеруде жұмыстардың деңгейін арттыруды тапсырды.  Сонымен қатар қала басшысы білім ұйымдарында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып кетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді