Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы электронды еңбек биржасында 10 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Жыл басынан бері елордалық Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу үшін 12 мыңнан астам азамат өтініш білдірді, оның ішінде 7 мыңнан астам адам жұмыс тапты. Азаматтар enbek.kz электронды еңбек биржасында өздеріне лайықты бос жұмыс орнын іздей алады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі күні, яғни 24 тамызда Е-еңбек биржасында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 10 503 бос жұмыс орны бар, елордада жұмыс іздеушілер 5 мыңнан астам түйіндеме жіберді. Жұмыс берушілер күзетшілер мен үй-жайларды жинаушылар үшін 42500 теңгеден бастап, авиация инспекторлары мен IT-жобалар менеджерлері үшін 600 мың теңгеге дейін жалақы ұсынады.

Электрондық еңбек биржасында сіз тұрақты жұмыс туралы 3 мыңнан астам жарнаманы таба аласыз, шамамен 600 – уақытша, 14 – маусымдық және 8 – қашықтан.

Бүгінде елордада сұранысқа ие мамандықтар тізіміне: медициналық бике/аға, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, сату жөніндегі менеджер, күзетші, жүк автомобилінің жүргізушісі, машинист, асүй жұмысшысы, сатушы, аспаз, слесарь-жөндеуші, бухгалтер, токарь, автомобиль жүргізушісі, әкімші және т.б. кіреді.

Үш жыл бұрын диплом алған ЖОО түлектері алған мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе алу үшін жастар практикасынан өте алады. Ұзақтығы – алты айдан аспайды. Ай сайынғы жалақы 25 АЕК құрайды. Enbek.kz сайтында «Жастар тәжірибесі» санатында 300 бос жұмыс орны ұсынылды.

«Қоғамдық жұмыстар» бағыты бойынша 138 бос жұмыс орны бар. Бұл жұмыс орындары алдын ала кәсіби дайындықты қажет етпейді. Елорданың халықты жұмыспен қамту орталығы қала тұрғындарын уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы қоғамдық жұмыстарды ұсынады. Ұзақтығы: 12 айдан аспайды, жалақысы кемінде 2 ЕТЖ (ең төменгі жалақы) мөлшерінде (жалақы – 85 000 теңге, қолға – 73 100 теңге).

Жұмысқа орналастыру бойынша сайтта тағы 20 бос жұмыс орнын «әлеуметтік жұмыс орындары» бағыты арқылы табуға болады. Оларды жұмыс беруші табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелерін, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарды және халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы басқа да адамдарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып құрады. Ұзақтығы: 12 айдан аспайды. Ай сайынғы субсидия мөлшері белгіленген жалақы мөлшерінің 35%-ын құрайды.

Елордада жұмысқа орналасу туралы толық ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарынан мына телефон нөмірлері арқылы алуға болады: 57-88-88, 57-87-00, 8 777 116 82 76.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді