Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция қызметкерлері демі тарылып, қиналған 11 айлық нәрестені ауруханаға жедел жеткізді

Полиция қызметкерлері демі тарылып, қиналған 11 айлық нәрестені ауруханаға жедел жеткізді
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында полиция қызметкерлері демі тарылып, қиналған 11 айлық нәрестені ауруханаға жедел жеткізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында ерлі-зайыптылардың 11 айлық нәрестесі кенеттен ауа жетпей мазасыздана бастаған. Үйінде еңбектеп жүрген сәтте денсаулығы күрт нашарлаған нәрестені ата-анасы дереу ауруханаға жеткізбек болады. Алайда жолда баланың жағдайы ушыға түскен соң, әкесі қатты уайымдап, жан-жақтан көмек іздейді.

Сол сәтте жол бойында патрульдік қызмет атқарып жүрген полицейлерді байқап, көмекке жүгінеді. Әкесі баласын дер кезінде ауруханаға жеткізе алмай қаламын ба деген қорқынышын айтып, полицейлерден қолдау сұрайды.

Тәртіп сақшылары бірден әрекетке көшіп, нәресте мен анасын қызметтік көлікке отырғызып, маяктарын қосқан күйі Түркістан қалалық балалар ауруханасына шұғыл жеткізді.

Нәрестенің анасының айтуынша, баласы үйде еңбектеп жүргенде кенеттен тыныс алуы қиындап, мазасыздана бастаған. Мұндай жағдайда уақытты жоғалтпау үшін олар бірден ауруханаға бет алған. Орта жолда жағдай қиындай түскесін, полицейлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Бүгінгі таңда дәрігерлердің бақылауындағы сәбидің өміріне ешқандай қауіп жоқ. Ата-анасы баласының өмірін сақтап қалуға септігін тигізген тәртіп сақшыларының шұғыл әрекетіне және адамгершілік қолдауына шексіз алғыстарын білдірді.

Белгілі болғандай, дер кезінде көмек көрсеткен Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Азиз Алиев пен Ұлысбек Сартаев екені анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді