Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында полиция дрифт жасаған жүргізушіні ұстады

Жетісу облысында полиция дрифт жасаған жүргізушіні ұстады
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда BMW көлігімен дрифт жасаған 24 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған қаласында Жетісу облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында BMW автокөлігі жүргізушісінің қауіпті маневрлер жасағанын анықтады. Жүргізуші қала көшесінде дрифт жасап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген. Полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Апаттық жағдай туғызғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда дрифт жасау және басқа да қауіпті маневрлер жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді. “Заң мен тәртіп” қағидаты баршаға ортақ. Жол қауіпсіздігі әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды