Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жеке инвестиция есебінен жүзеге асқан алғашқы реновация жобасы: Астанада жаңа тұрғын үй кешені салтанатты түрде ашылды

Жеке инвестиция есебінен жүзеге асқан алғашқы реновация жобасы: Астанада жаңа тұрғын үй кешені салтанатты түрде ашылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елорданың Байқоңыр ауданында «Дармен-1» тұрғын үй кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – реновация мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылған алғашқы жоба, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реновация бағдарламасы аясында тұрғын үй қорын жаңғыртуға жеке инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру нәтижесінде жүзеге асқан алғашқы нысан болды. Іс-шараға Байқоңыр ауданының әкімі, мемлекеттік органдардың өкілдері, құрылыс компаниясының басшылығы, жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары, серіктестер мен қонақтар қатысты. Тұрғын үй кешенінің құрылысы 2025 жылдың қаңтарында басталып, 17 айдың ішінде толық аяқталды.

«Тұрғын үй кешені екі кіреберістен және 158 пәтерден тұрады. Бұл – ауданда реновация мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке инвестиция есебінен салынған алғашқы тұрғын үй кешені. Ескі үйлер орналасқан жер телімдері сатып алынып, олардың орнына заманауи тұрғын үйлер бой көтеруде. Бұл тұрғындарға қаланың басқа бөлігіне көшпей-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», – деді жоба жетекшісі Олжас Ақыбаев.

Оның айтуынша, пәтер санының аз болуы тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасайды. Байқоңыр ауданының тұрғыны Аслан соңғы жылдары ауданның айтарлықтай жаңарғанын атап өтті.

«Мен Байқоңыр ауданында 40 жылдан астам уақыт тұрамын және оның қалай өзгеріп жатқанын өз көзіммен көріп жүрмін. Жаңа гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, көшелер абаттандырылып жатыр. Ескі, тозығы жеткен үйлердің орнына заманауи тұрғын үй кешендері салынып жатыр. Аудан сол жағалаумен қатар дамып келеді. Бұл өте қуантады. Алдағы уақытта да ауданды жаңғырту жұмысы жалғасады деп сенемін», – деді ол.

Оның айтуынша, жаңа тұрғын үй кешені қолайлы жерде орналасқан, заманауи талаптарға сай абаттандырылған және елорданың оң жағалауының дамуына тың серпін береді.
Еске салайық, елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Үкімет пен Астана әкімдігіне тозығы жеткен және апатты үйлерді сүріп, жер телімдерін сатып алу әрі реновация аймақтарын жаңғырту жұмысына жеке құрылыс компанияларының әлеуетін тартуды тапсырған болатын. «Дармен-1» тұрғын үй кешені – осы тетік арқылы жеке инвестиция есебінен жүзеге асқан алғашқы жоба.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді