Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің өңірлерінде жаңа зауыттар, логистикалық хабтар мен әлеуметтік нысандар іске қосылды

Еліміздің өңірлерінде жаңа зауыттар, логистикалық хабтар мен әлеуметтік нысандар іске қосылды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өңірлерінде экономиканы әртараптандыру, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және импортты алмастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтқанда, жаңа өндіріс орындары, логистикалық және әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Металл конструкциясы мен бетон зауыты

Алматы облысы Қарасай ауданында құны 4,7 млрд теңге болатын кешен ашылды. Жылдық қуаты – 10 мың тонна металл конструкциясы мен 300 мың м3 бетон. Сонымен қатар сэндвич-панельдер мен модульдік ғимараттар өндіріледі. 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Өнім ішкі нарықта сатылады және Қырғызстан мен Өзбекстанға экспортталады.

Логистикалық кешен 

Алматы облысы Қарасай ауданындағы 50 гектар аумақта «А» санатындағы қойма кешенінің бірінші кезеңі іске қосылды. Бірінші кезеңге салынған инвестиция көлемі – 20 млрд теңге, (Жобаның жалпы құны – 70 млрд теңге). Кешен 3PL логистикалық қызметтерін көрсетеді, ал қоймалардың жалпы ауданы 160 мың м2-ге жетеді. Жоба аясында 1,2 мың жұмыс орны ашылады, қазіргі уақытта 135 адам жұмыспен қамтылған.

Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт

Арал қаласында құны 3 млрд теңге болатын кешен іске қосылды (оның 1,8 млрд теңгесі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы жеңілдетілген қаржыландыру). Жылына шамамен 400 тонна өнім өндірілетін бұл зауытта 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпорын жергілікті мал өсірушілерден тәулігіне 20 мың литрге дейін шикізат өңдейді.

Жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты 

Арал қаласында құны 1,8 млрд теңге болатын жоғары сұрыпты ас тұзын өндіретін кәсіпорын ашылды. Жылдық өндірістік қуаты 40 мың тонна. 20 тұрақты жұмыс орны ашылды. Өнім ішкі нарықты қамтамасыз етіп, көршілес елдерге экспортталады.

Ламинат өндіретін зауыт 

Түркістан облысындағы «Turan» АЭА-да құны 5 млрд теңге болатын ламинат өндіретін зауыт іске қосылды. Бірінші кезеңде ішкі нарық үшін жылына 840 мың м2 ламинат өндіріледі және 65 жұмыс орны ашылды. Екінші кезең іске қосылғаннан кейін өндірістік қуат жылына 2,4 млн м2-ге дейін артып, жұмыс орындарының саны 150-ге жетеді.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешені 

Ақтөбе облысы Алға ауданында жалпы аумағы 3 мың м2 болатын жүзу бассейні мен футбол алаңы бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысан тәулігіне 150 адамға дейін қабылдай алады және ауыл жастарының бұқаралық спортпен айналысуына мүмкіндік береді.

Атырау – Батуми әуе бағыты 

Қазақстан мен Грузия арасында тұрақты тікелей әуе рейсі іске қосылды. Рейстер аптасына бір рет – сейсенбі күндері Airbus A320 әуе кемелерімен орындалады. Жаңа бағыт халықаралық әуе қатынасын кеңейтіп, өңірлердің туристік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді