Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналықтарға ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары ескертілді

Астаналықтарға ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары ескертілді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада жедел респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қаладағы медициналық ұйымдар тұрғындарға уақытылы медициналық көмек көрсету және инфекциялардың таралуына жол бермеу бағытында қажетті шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елордада 2026–2027 жылдардағы эпидемиологиялық маусым аясында ЖРВИ мен тұмауға қатысты жағдайға тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Тыныс алу жолдарының инфекциялық белгілері бар тұрғындарды уақтылы қабылдау үшін қалалық медициналық ұйымдарда сүзгі кабинеттері мен шұғыл көмек көрсету кабинеттері жұмыс істейді. Онда науқастар медициналық тексеруден өтіп, қажетті көмек ала алады.

Кабинеттердің жұмыс кестесі төмендегідей:

* Жұмыс күндері – сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін;

* Демалыс және мереке күндері – сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін.

Айта кетейік, тұмаудың алдын алудың негізгі тәсілдерінің бірі – вакцинация.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға ЖРВИ мен тұмаудан сақтану үшін бірқатар профилактикалық шараларды ұстануды ұсынады. Атап айтқанда, қолды жиі жуу, бөлмені үнемі желдету, ауру белгілері бар адамдармен байланыстан мүмкіндігінше аулақ болу және өз бетінше емделмеу қажет.

Ал тыныс алу жолдары инфекциясының алғашқы белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке уақытылы жүгіну ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды