Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тұмау мен ЖРВИ: елордадағы емханалардың бәрінде «фильтр-кабинеттер» жұмыс істейді

Тұмау мен ЖРВИ: елордадағы емханалардың бәрінде «фильтр-кабинеттер» жұмыс істейді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Күзгі-қысқы кезең басталған сайын өткір респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмауға шалдыққан науқастар саны көбейетіні қалыпты жағдай. Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында қалалық дәрігерлер тұрғындарға алдын алу шараларын сақтау және уақытылы медициналық көмекке жүгіну қажеттігін еске салды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласының әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауырған белгілер – дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақ ауруы, мұрын бітелуі, жалпы әлсіздік байқалған жағдайда дәрігерлер өздігінен емделуге емес, тіркелген жеріндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарына жүгіну туралы кеңес берді.Қаланың әрбір емханасында ЖРВИ белгілері бар науқастарды қарауға арналған фильтр-кабинеттер мен жедел көмек кабинеттері жұмыс істейді, онда экспресс-диагностика жүргізіліп, қажет болған жағдайда ем тағайындалады.Фильтр-кабинеттер мен жедел көмек кабинеттерінің жұмыс кестесі:

• жұмыс күндері – 08:00-20:00;

• демалыс және мереке күндері – 08:00-18:00.Сонымен қатар, БМСК ұйымдарында үйде медициналық көмек көрсетуге арналған мобильді бригадалар жұмыс істейді.Қабылданатын алдын алу шаралары:

• адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу;

• бөлмелерді жиі желдетіп, ылғалды тазалық жүргізу;

• жеке гигиена ережелерін сақтау, көшеден келгеннен кейін қол жуу;

• иммунитетті нығайту, дұрыс тамақтану, ұйқы мен демалыс режимін сақтау;

• жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды бір реттік сүлгімен немесе шынтақпен жабу;

• жағдайы нашарласа, үйде қалу және медициналық көмекке жүгіну.Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және дәрігерге уақытылы бару асқынулардың алдын алуға және елордалық тұрғындардың саулығын сақтауға көмектеседі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті