Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы вакцинация қашан басталады

Астанада тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы вакцинация қашан басталады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы эпидемиялық маусымға медициналық ұйымдарды дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр. Негізгі назар тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) алдын алуға, халық арасында аурушаңдықтың өсуіне байланысты емханалар мен стационарлардың дайындығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрғындарға медициналық көмекті уақтылы көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері бекіткен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешеніне сәйкес, 15 қыркүйектен бастап елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталады. Ең алдымен вакцинация тәуекел топтарына жататын азаматтарды қамтиды. Олардың қатарында:
• медицина қызметкерлері;
• созылмалы аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар;
• балалар;
• мектеп оқушылары;
• жүкті әйелдер;
• егде жастағы адамдар;
• жабық үлгідегі мекемелерде және әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінде тұратын адамдар бар.

Елордадағы медициналық ұйымдар аурушаңдықтың маусымдық өсуіне дайындалуда. Емханаларда ЖРВИ белгілері бар пациенттерді қабылдайтын сүзгі кабинеттері және шұғыл көмек кабинеттері жұмыс істейді. Мұнда пациенттер медициналық тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек ала алады.

Сүзгі кабинеттері мен шұғыл көмек кабинеттерінің жұмыс тәртібі:
• жұмыс күндері – 08:00-ден 20:00-ге дейін;
• демалыс және мереке күндері – 08:00-ден 18:00-ге дейін.

Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында пациенттерге үй жағдайында медициналық көмек көрсететін мобильді бригадалар жұмыс істейді. ЖРВИ, тұмау белгілері және ықтимал асқынулары бар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларға ерекше назар аударылады.

Стационарлар да госпитализацияланатын пациенттер санының ықтимал өсуіне дайындалуда. Қосымша инфекциялық төсек-орындарды орналастыру жоспарлары, дәрілік заттардың қажетті қоры қарастырылған, сондай-ақ төсек-орын қорының толымдылығына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі белгіленген деңгейге жеткен жағдайда қосымша төсек-орындарды орналастыру көзделген.

Білім беру ұйымдары үшін де жеке шаралар қарастырылған. Мектептер мен балабақшаларда күнделікті сабаққа қатысу мониторингі және таңертеңгі сүзгі жүргізіледі. Ауырған балалар анықталған жағдайда олармен байланыста болған балаларға медициналық бақылау ұйымдастырылады. Бір сынып оқушыларының 30%-ы және одан да көп бөлігі ауырған жағдайда сыныпты қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру қарастырылады.

Медициналық ұйымдардың эпидемиялық маусымға дайындығы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан 10 қыркүйекке дейін бағаланады. ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша аурушаңдыққа мониторинг жүргізіліп, маусымдық өсу кезеңінде бақылау күшейтіледі.

Дәрігерлер елорда тұрғындарын негізгі профилактикалық шараларды сақтауға шақырады: адамдар көп жиналатын орындарда бетперде тағу, қолды үнемі жуу, бөлмелерді желдету және аурушаңдықтың өсу кезеңінде адам көп шоғырланатын орындарға баруды мүмкіндігінше шектеу.

Аурудың алғашқы белгілері — дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауыруы, мұрыннан су ағу, жалпы әлсіздік байқалған жағдайда, өздігінен ем қабылдауға болмайды. Тұрғылықты жері бойынша емханаға немесе сүзгі кабинетіне уақтылы жүгіну ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді