Алматының Наурызбай ауданында дренаж жүйесін ауқымды түрде жақсарту жоспарланып отыр, 20 көшеде жаңа арық салынып, су арналарының үстіндегі 12 жаяу және көлік өткелдері жаңартылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде аудандағы 348 көшенің 105-інде арық бар, олардың жалпы ұзындығы 100 шақырымнан асады. Дегенмен, халық санының өсуіне байланысты су бұру жүйесін кеңейтіп, жаңғырту арқылы оның тиімділігін арттыру қажет.Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, арық желісін дамыту су басу қаупін азайтуға, жол төсемін сақтауға және тұрғындардың жүріп-тұруына қауіпсіз жағдай жасайды,-делінген хабарда.Қазір Қалқаман шағынауданында жұмыс қолға алынған. Алдағы уақытта мұндай жұмыс ауданның өзге де негізгі аумағында жүргізіледі.