Астанада «JASTAR FEST» ауқымды фестивалі өтті, оның аясында «JOLTAP» әлеуметтік жобасының жетекшісі Дана Жүнісова жастарға цифрлық кәсіптерді оқыту және жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Дана Жүнісованың айтуынша, «JOLTAP» әлеуметтік жобасы тегін курстардан өтуге, өмірден өз жолын табуға және табысын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба жетекшісі айтқандай, елордада оқуға жазылуға болатын бірнеше модульдік пункт жұмыс істейді.
Ол сондай-ақ жоба жұмыс істеген жылы модульдік пунктерге 24 мыңнан астам адам жүгінгенін, оның 20 мыңы оқуға жазылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта 8 мыңға жуық адам оқудан өтті.Естеріңізге сала кетейік, елордада «JASTAR FEST» жастар фестивалі өтті, ол елорда әкімдігі мен қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.