Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері әуе кемелерінде 63 құқық бұзушылықтың жолын кесті

Көлік полицейлері әуе кемелерінде 63 құқық бұзушылықтың жолын кесті
Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері жыл басынан бері әуе кемелерінде 63 құқық бұзушылықтың жолын кесті, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік полицейлері әуе және теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті үздіксіз қамтамасыз етіп, профилактикалық жұмыс жүргізеді. Соған қарамастан кейбір азаматтар заң талаптарын елемей, құқық бұзушылыққа жол береді. Соның бірі Бангкок – Шымкент рейсінде болған. Бангкок – Шымкент бағыты бойынша ұшып келген әуе рейсі қонғаннан кейін әуе компаниясы өкілдерінің актісі негізінде рейс барысында қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушы Шымкент қаласы әуежайындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Тексеру барысында көлік полицейлері құқық бұзушының 59 жастағы шетел азаматы екенін анықтады. Ол ұшу кезінде темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салынғанына қарамастан, әуе кемесінің бортында темекі шеккен. Аталған құқық бұзушылық үшін шетел азаматы жауапкершілікке тартылды. Еске сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе кемелерінің бортында жасалған 63 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 42 дерек алкогольдік ішімдіктерді ішуге және қоғамдық орындарға масаң күйде келуге қатысты болса, 8 дерек ұсақ бұзақылыққа, 7 факт ұшақ бортында темекі шегуге байланысты тіркелген. Сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтар анықталып, жолы кесілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді