Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздарынан түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 350 құқық бұзушыны түсірді. Оның ішінде 265 адам алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін, ал 85 адам ұсақ бұзақылық және басқа да құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы көліктегі ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Марат Дубаев мәлімдеді. Кезекті оқиға Алматы – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Пойыз бастығының актісі негізінде Отар станциясындағы көліктегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері пойыздан екі жолаушыны түсірді.
Көліктегі ПД жолаушылар пойызы қоғамдық орын екенін және әрбір азамат белгіленген мінез-құлық қағидаларын сақтауға міндетті екенін еске салады.