Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскемен тұрғыны жеті адамның атына несие рәсімдеген

Өскемен тұрғыны жеті адамның атына несие рәсімдеген
Фото: Polisia.kz

Өскемен тұрғыны жеті адамның атына несие рәсімдеген, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қаласында ер адам өзге азаматтың атына заңсыз түрде жеті шағын несие рәсімдеді деген күдікке ілінді. Белгілі болғандай, облыс орталығының тұрғыны танымал мессенджерлердің бірінде алаяқтардың құрбанына айналған. Бөгде тұлға жәбірленушінің жеке деректерін, нақтырақ айтқанда, растау кодын пайдаланып, оның атына жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам қаражатқа жеті шағын несие рәсімдеген. Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары азаматтарға бір реттік растау кодтарын, құпия сөздер мен жеке деректерді ешкімге жарияламауға кеңес береді.

Алаяқтар түрлі айла-тәсілдер арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, олардың атынан заңсыз әрекеттер жасауға ұмтылады. Өз қауіпсіздігіңіз үшін жеке ақпаратты құпия ұстаңыз және мессенджерлер арқылы келген күмәнді хабарламаларға аса сақтықпен қараңыз. Егер алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден "102" нөміріне хабарласып, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты