Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция астаналықтарды алаяқтардың жаңа қитұрқы әрекеттері туралы ескертеді

Полиция астаналықтарды алаяқтардың жаңа қитұрқы әрекеттері туралы ескертеді
Фото: pixabay.com

Полиция астаналықтарды алаяқтардың жаңа қитұрқы әрекеттері туралы ескертеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы уақытта елорда тұрғындарына "Астана-РЭК" немесе "Астана су арнасы" ұйымдарының атынан хабарласып, есептегіш құралдарын ауыстыру қажет деген сылтаумен жалған қоңыраулар шалу деректері жиілеп отыр. Бұл қоңыраулардың артында – азаматтарды алдап, қаржылық шығынға ұшыратуды көздеген алаяқтар тұр. Алаяқтар алдымен тұрғыннан 1414 қызметінен келген SMS-кодты айтуды сұрайды. Осыдан кейін олар сіздің атыңызға несие рәсімделіп жатқанын айтып, үрей тудыруға тырысады. "Несие рәсімделуінің алдын алу" және "қаражатыңызды қорғау" деген желеумен олар келесідей әрекеттерді жасауға көндіреді:

- Банк шоттарыңыздағы барлық қаражатты шешіп алып, «Ұлттық банктің резервтік шотына» аудару;

- Атыңызға несие рәсімдеп, оны "қауіпсіз шотқа" жіберу;

- Депозиттегі қаражатты шешіп алып, оны "арнайы қызметке" немесе "банкке" тапсыру.

Бұл — құрбанның банк картасы мен жеке деректеріне қол жеткізу үшін ойластырылған қитұрқы тәсілдер. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, олардың атынан несие рәсімдеп немесе ақшаларын жымқыруға тырысады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты