Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда нигериялық жігітке ұзатылған қыздың сыңсу әні көпшілікті жылатты

10 қазан күні нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан Құлсары тұрғыны Заида Жаңабаеваның ұзату тойы желіде талқыға түскен болатын. Көп ұзамай Заида ұзату тойындағы сыңсу әнін жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Заида «Теңіз Шевройл» компаниясында аудармашы болып қызмет етеді. Жақында 30 жасқа толған ол өз бақытын тауып, Нигерия азаматымен шаңырақ көтерген болатын. БАҚ жазуынша, Заиданың күйеуі Атырауда ағылшын тілінен сабақ береді.

Заиданың ұзатуда айтқан сыңсуы желіде жарияланды. Роза Әлқожа жазған бұл әннің негізгі орындаушысы – талантты дәстүрлі әнші Айбала Өсиетқызы. Айбала да жақында Атырауға ұзатылып, сол әнді өз тойында орындаған болатын.

Көпшілік жылы қабылдаған сыңсу әнді Заида да орындады. Тойға жиналған қауым көзіне жас алып, ата-анасының көңілі жібіген.

Осы орайда, Заиданың даусын ерекше бағалап жатқандар да көп. Әсіресе, сыңсу әннің негізгі орындаушысы Айбала Өсиетқызы Заидаға бақыт тілеп, даусының әдемі екенін жазған.


"Неше күннен бері "Өзге ұлтқа шыққан, қазақ қызы" деген мақаламен бүкіл интернетті шулатқан құлсарылық қыз Заида менің орындаған сыңсуымды өз ұзатуында айтқан екен. Дауысы қандай әдемі. Жастарға тек бақыт тілейік. Басқа ұлт туралы ауыр сөз жазбайықшы, Алланың басына бұйырған бағы ғой", - деп жазды Айбала.
Айта кетелік, Заида мен нигериялық азаматтың тойы желіде қызу талқыланды. Ұзату той толығымен қазақтың салт-дәстүрлеріне сай өткен.

Құдалар жағы киіт пен әшекей бұйымдар әкеліп, қыздың құлағына сырға салып, барлық жөн-жоралғыларды ұстанған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді