Грузиялық БАҚ-тар елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің ұсталғанын хабарлады. Желіде жарияланған видео кадрында полицейлер Саакашвилидің қолына кісен салып, Рустави қаласындағы түрмеге алып бара жатқаны көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға орнына журналистер, Саакашвилидің адвокаты мен "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" белсенділері жиналған.
Саакашвилидің ұсталғаны туралы видеоны Sputnik Грузия басылымы да жариялады.
Бұған дейін Михаил Саакашвилидің ұсталғаны туралы елдің премьер-министрі Ираклий Гарибашвили хабарлаған болатын.