Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да есірткі таратты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды

ШҚО-да есірткі таратты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды
Фото: polisia.kz

ШҚО-да есірткі таратты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, әйел TikTok әлеуметтік желісінен заңсыз табыс табу туралы ұсыныс тауып, психотроптық заттарды жасырын орындарға қойып кету арқылы тарата бастаған. Кезекті рет "жұмысқа" шыққанда ол бұл іске күйеуін де тартқан. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел алты жасырын орын дайындап үлгерген. Кейін бірнеше түйіншекті тыйым салынған заттармен бірге күйеуіне берген. Көп ұзамай екеуін де полиция қызметкерлері ұстады. Жеке тінту кезінде әйелден 19 түйіншек, ал күйеуінен тағы жеті түйіншек табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың құрамында синтетикалық есірткі – альфа-PVP болған.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 33 грамды құрады. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал әйелге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Полиция ескертеді: әлеуметтік желілердегі оңай әрі жылдам табыс табу туралы ұсыныстар есірткі қылмысына тартудың бір тәсілі болуы мүмкін. Тыйым салынған заттарды, соның ішінде жасырын орындарға жасыру арқылы тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай "жұмысқа" келісу арқылы адам қылмыстық схеманың қатысушысына айналып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды