Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда полицейлер әйелден 300 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіледі

Таразда полицейлер әйелден 300 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіледі
Фото: polisia.kz

Таразда полицейлер әйелден 300 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіледі,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы әйелді ұстады. Жеке тінту барысында оның сөмкесі мен киімінің қалтасынан ұнтақ тәрізді зат салынған 148 орама табылды. Ал жалдамалы пәтерді тінту кезінде осыған ұқсас зат салынған тағы 98 орама мен бір пакет тәркіленді. Сонымен қатар электронды таразылар, zip-пакеттер және оқшаулағыш таспа анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген альфа-PVP психотроптық затының жалпы салмағы 304,55 грамды құрады. Бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті интернет арқылы белгісіз адаммен байланысқа шығып, одан заңсыз табыс табу туралы ұсыныс алған. Мессенджер арқылы берілген нұсқауларға сәйкес, ол психотроптық заттарды бөліп орап, Алматы және Тараз қалаларында таратуға қатысқан деген күдікке ілінді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция ескертеді: есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды