Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында Ескі Күйік асуындағы жол қозғалысы ашылды

Жамбыл облысында Ескі Күйік асуындағы жол қозғалысы ашылды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Жамбыл облысында халықаралық маңызы бар «Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас» автомобиль жолының Күйік асуының ескі бағыты арқылы өтетін 546–557 шқ учаскесінде көлік қозғалысының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, мердігер ұйымдар, қоғам қайраткерлері және өңір тұрғындары қатысты.

Аталған учаскеде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және елдегі автомобиль жолдарының қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылды.

Ескі Күйік асуы халықаралық «Өзбекстан – Қазақстан – Қытай» көлік дәлізінің маңызды бөліктерінің бірі саналады. Бұл бағыт Шымкент пен Тараз қалаларын байланыстырып қана қоймай, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарын жалғайтын негізгі көлік дәліздерінің құрамына кіреді.

Күрделі жөндеу нәтижесінде 1970-жылдардан бері ауқымды жаңғырту көрмеген жол жабыны толық жаңартылды. Жүргізілген жұмыстар жолдың өткізу қабілетін арттыруға, күрделі таулы учаскеде көлік қозғалысының қолайлылығын жақсартуға және жол-көлік оқиғаларының қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Дархан Иманашев аталған жолдың өңір тұрғындары мен халықаралық транзит үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде сапалы әрі қауіпсіз жол инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Ескі Күйік асуы – көлік жүктемесі жоғары, әсіресе жүк көліктері жиі қатынайтын маңызды учаскелердің бірі. Бұл жолды жаңғырту жүргізушілердің қауіпсіздігіне, транзиттік тасымалдардың тұрақтылығына және өңіраралық қатынастың сапасына тікелей әсер етеді. Жаңартылған жол тұрғындар мен кәсіпкерлерге, туристерге және республика жолдарын пайдаланушыларға сенімді бағыт болады деп сенемін, – деді Дархан Иманашев.

Жоба аясында 15 су өткізу құбыры салынды. Бұл жолдың маусымдық жауын-шашынға төзімділігін арттырып, су өткізу жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жол құрылымын қалыптастыру барысында қиыршық тас-құм қоспасы, ірі түйіршікті асфальтбетон және ЩМА-20 маркалы қиыршық-мастикалық асфальтбетон секілді заманауи материалдар қолданылды.

Жұмысқа 182 жол маманы мен 150 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Асфальтбетон зауыты үздіксіз режимде жұмыс істеп, жалпы көлемі 130 мың тонна асфальтбетон өндіріліп төселді. Сондай-ақ құрылыс барысында 155 мың текше метр топырақ, 4 мың тонна битум, 3,7 мың тонна цемент және 120 мың тонна қиыршық тас пайдаланылды.

Ескі Күйік асуының учаскесіндегі жүк көліктерінің орташа тәуліктік қозғалыс қарқыны 2 273 автокөлікті құрайды. Бұл көрсеткіш аталған бағыттың жоғары жүктемесін және жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының стратегиялық маңызын айқын көрсетеді.

Жаңартылған учаскенің пайдалануға берілуі Жамбыл облысының транзиттік әлеуетін арттыруға, жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге және Алматы – Тараз – Шымкент – Түркістан бағытында қатынайтын жүргізушілер мен туристер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді