Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында бір аптада 3 912 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Абай облысында бір аптада 3 912 құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Абай облысында бірқатар құқық бұзушылықтың жолы кесілді,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 92 жүргізуші, жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамағаны үшін 225 жүргізуші, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 17 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тиісті рұқсатсыз көлік құралдарының конструкциясын қайта жабдықтаған 51 жүргізушіге қатысты заңда көзделген шаралар қабылданды. Жолдағы тәртіпке немқұрайлы қараудың салдарына жол бермеу мақсатында жылдамдық режимінің сақталуына да ерекше назар аударылды.

Нәтижесінде белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырып, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндірген 3 527 жүргізушінің құқық бұзушылығының жолы кесілді. Жолдағы әрбір ереже — адам өмірінің кепілі, ал оны елемеу орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Осыған байланысты жол қозғалысы қағидаларының сақталуын бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды