Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Фото: Ақорда

Президентке сот жүйесінде биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыс нәтижелері, сот ісін жүргізу үдерісін цифрландыру барысы, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру шаралары туралы баяндалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Асламбек Мерғалиев сот органдары 24,8 мың қылмыстық істі қарағанын айтты. Азаматтық істердің саны 28,4 пайызға ұлғайып, 605 мыңнан асты. Бұған банкроттыққа, тұрғын үй және жер дауларына қатысты талап-арыздар мен келісімшарттық міндеттемелер бойынша істер санының артуы себеп болып отыр. Сондай-ақ 29,2 мың әкімшілік іс және 319 мың әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Даулардың жартысына жуығы медиациямен және басқа да балама жолдармен реттелді.

Кассациялық сотқа 18 мыңнан астам шағым келіп түсті. Оларды қарастыру нәтижесінде апелляциялық сатыда түзетілген сот актілерінің саны екі есе, яғни 934-тен 1704-ке дейін өсті.

Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 2023 жылдан бері 55,2 пайыздан 69,7 пайызға дейін өскен.

Мемлекет басшысына сот жүйесін кадрмен қамтамасыз ету туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігі сапасын жақсарту және сот жүйесін жаңғырту шараларын іске асыру қажеттігіне назар аударды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды