Дс, 24 ақпан 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, аналитикалық блок айтарлықтай күшейтіліп, Жоғарғы Соттың жалпы нормативтік қаулыларының үшінші бөлігіне түзетулер енгізілді. Бұдан бөлек, тергеу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейі жақсара түсті. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартатын жағдайлардың және алқабилердің қатысуымен сотта қаралатын істердің саны мен бітімгершілік келісіммен аяқталған азаматтық даулардың үлесі артты.Мемлекет басшысына сот реформасының барысы туралы мәлімет берілді. Мысалы, депутаттық корпуспен бірлесе отырып, Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер жөнінде бастама көтерілді. Атап айтқанда, заңды өрескел бұзғаны үшін тәртіптік іс қозғау институтын қайта қарау, сот төрелігінің сапасын тексеретін комиссия жұмысын жетілдіру, дербес кассациялық саты құру ұсынылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау ісінде сот жүйесі ерекше рөл атқаратынын атап өтті.Мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі реформалау жұмыстарын жалғастыру маңызды деп санайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты