Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды
Фото: primeminister.kz

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимарат – Iconic Complex көпфункционалды кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа кешен Алатау қаласында қалыптасып жатқан іскерлік орталықтың негізгі нысандарының біріне айналады. Инвестиция көлемі $800 млн-нан асатын жоба аясында биіктігі 272 және 78 метр болатын екі мұнара салынады. Мұнда кеңселер, тұрғын үй, қонақүй, сауда орындары мен қоғамдық кеңістіктер орналасады.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Қанат Бозымбаев Алатау қаласының дамуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақты бақылауында екенін атап өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен қалада инвесторларға қолайлы жағдай жасауға және заманауи басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған арнайы құқықтық режим кезең-кезеңімен енгізілуде.

Қабылданып жатқан шаралар инвестициялық белсенділіктің артуына ықпал етуде. 2026 жылдың тоғыз айында Алатау қаласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 1,6 есеге өсіп, 70,3 млрд теңгеге жетті. Жалпы қаланың инвестициялық портфелінде құны шамамен $6,9 млрд-ты құрайтын 67 жоба бар. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 55 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен қатар қаланың инфрақұрылымы да дамып келеді. Қазіргі уақытта резервтен 35,3 млрд теңге бөлінген 28 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, «Көкпа-1» қосалқы стансасы қайта жаңғыртылды, сумен жабдықтау нысандары салынып, автомобиль жолдары жөнделуде. Бұл жаңа кәсіпорындарды іске қосуға және құрылыс жұмыстарын одан әрі жүргізуге қажетті жағдай жасайды.

Вице-премьер Iconic Complex кешенінің құрылыс сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударды. Ол белгіленген мерзімдерді, сейсмикалық қауіпсіздік пен энергия тиімділігі талаптарын қатаң сақтап, сондай-ақ қазақстандық компаниялар мен мамандарды тарту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар арнайы құқықтық режим аясында халықаралық сарапшыларды тарта отырып, жобалау құжаттамасына тәуелсіз техникалық сараптама жүргізу тетігі енгізілді. Бұл күрделі құрылыс жобаларын бағалау кезінде озық халықаралық тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді.

«Iconic Complex жобалау мен құрылыс сапасының жаңа стандартын қалыптастырып, Алатаудың заманауи қала ретінде дамуына үлес қосады деп сенеміз. Жоба белгіленген мерзімде, сапа мен қауіпсіздіктің жоғары талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс», — деді Қанат Бозымбаев.

Iconic Complex жобасының бас мердігері – China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) компаниясы. Кешеннің сәулеттік тұжырымдамасын америкалық Skidmore, Owings & Merrill (SOM) сәулет бюросы әзірледі. Құрылысты 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды