Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Шэньчжэнь қаласының мэрімен инновациялық қалаларды дамыту тәжірибесін талқылады

Қанат Бозымбаев Шэньчжэнь қаласының мэрімен инновациялық қалаларды дамыту тәжірибесін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қытайға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар инвестициялар тарту, инновациялық экожүйелерді дамыту, қалалық басқаруды цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. Кездесуде Қазақстанның жаңа экономикалық өсу орталығы ретінде Алатау қаласын дамыту және бәсекеге қабілетті қалаларды қалыптастырудың халықаралық тәжірибесін зерделеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қанат Бозымбаев Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық әріптестікті дәйекті түрде нығайтып келе жатқанын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық $48,7 млрд-қа жетті. Ал 2005–2025 жылдар аралығында Қытайдың Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі $29 млрд-тан асты.

Кездесу барысында Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі мен даму моделін әзірлеу кезінде әлемдік озық тәжірибелер, соның ішінде бірнеше жылдар ішінде инновациялар мен жоғары технологиялар және кәсіпкерлік саласындағы жетекші әлемдік орталықтардың біріне айналған Шэньчжэнь тәжірибесі ескеріліп жатқаны атап өтілді.

Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжун Қазақстанның Алатау қаласын құру жөніндегі бастамасын жоғары бағалап, ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді. Оның айтуынша, жаңа буын жобаларын табысты жүзеге асыру ұзақ мерзімді стратегиялық көзқарасты, инвестициялар үшін ашықтықты және инновацияларды жүйелі түрде енгізуді талап етеді.

Қанат Бозымбаев Шэньчжэнь компаниялары мен даму институттарын жасанды интеллект, цифрлық инфрақұрылым, логистика, жасыл энергетика және жоғары технологиялық өндірістер салаларындағы Alatau City жобаларын жүзеге асыруға қатысуға шақырды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Шэньчжэнь мен Алатау қалалары арасындағы инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды