Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Республика күніне орай Астана әуежайында туристерге арналған мерекелік іс-шара өтті

Республика күніне орай Астана әуежайында туристерге арналған мерекелік іс-шара өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Республика күні қарсаңында елорданың халықаралық әуежайында мерекелік акция өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акция аясында елордаға келген шетелдік қонақтарға Қазақстанның мемлекеттік туы мен шоколад таратылды. Осылайша, еріктілер қала қонақтарын қарсы алып, ұлттық мереке қарсаңында оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Бастама шетелдік қонақтарды Қазақстанның мемлекеттік рәміздерімен, Республика күнін атап өту дәстүрімен таныстырып, қазақ халқына тән қонақжайлықты дәріптеуді көздейді.

Елорда қонақтарының арасында түрлі елден келген халықаралық спорт жарыстарына келген спортшылар да болды. Қазір қалада күрестен әлем чемпионатына қатысу үшін келген спортшылар мен спорт саласының өкілдері бар.

Мерекелік акция елордада Республика күніне орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың бірі болды. Олар патриотизмді, бірлікті және мемлекеттік рәміздерге құрметті нығайтуға арналған.

Айта кетейік, Республика күні қарсаңында Астанада мәдени, қоғамдық, спорттық және патриоттық іс-шаралар өтіп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды