Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде екі облыстың 140-тан астам өндірушісі өнімдерін ұсынды

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде екі облыстың 140-тан астам өндірушісі өнімдерін ұсынды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада Қарағанды және Қостанай облыстарының шаруалары қатысқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Сауда сөрелеріне мың тоннаға жуық өнім қойылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Республика күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге барған жұрт ет, көкөніс, сүт өнімдерін, балық және басқа да тауарларды отандық өндірушілерден тікелей сатып ала алады.

Екі өңірден келген 140-тан астам ауыл шаруашылығы өндірушісі мен кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды. Онда ет, маусымдық көкөністер, сүт өнімдері, ұн, жарма, жұмыртқа, шұжық өнімдері, бал және кондитерлік өнімдерін және т.б. алуға болады.

Қарағанды облысы 583 тоннадан астам өнім жеткізді. Сауда сөрелеріне 310 тонна картоп, 134,7 тонна ет, 80 тонна көкөніс, 15 тонна сүт өнімі, 7,5 тонна балық және 36 тонна бакалея тауары қойылды. Бұдан бөлек, жәрмеңкеге 310 мың дана тауық жұмыртқасы жеткізілді.

Қостанай облысы 100-ден аса атаулы 400 тоннадан астам өнім жеткізді. Оның ішінде 49 тонна ет, 31 тонна сүт өнімі, 23 тонна шұжық пен еттен жасалған жартылай фабрикаттар, 30 тонна жарма және макарон өнімдері, 90 тонна картоп пен көкөніс, сондай-ақ 40 тонна ұн бар. Сонымен қатар нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сусындар мен балды да табуға болады.

«Демалыс күндеріне орай азық-түлік алуға келдім. Картоп, пияз, сәбіз, аздап сиыр еті мен сүт өнімдерін алдым. Барлығын бір жерден сатып алуға болатыны ыңғайлы, бағалары да арнайы тақтайшаларда көрсетілген. Салыстырып, таңдау жасауға болады», – дейді жәрмеңкеге келген тұрғындардың бірі.

Мұндай жәрмеңкелер фермерлер мен өңдеу кәсіпорындарына өз өнімдерін елорда тұрғындарына сатуға, ал қала тұрғындарына еліміздің әр өңірінен келген тауарларды бір жерден сатып алуға мүмкіндік береді.

Жәрмеңке 24 және 25 қазан күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайындағы «Қазанат» ипподромының аумағында өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды