Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Шымкентте Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласында Қазақстанның ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кешке қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен еңбек ұжымдарының мүшелері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі көпшілікті Республика күнімен құттықтап, кәсіби қызметінде ерекшеленген, елдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табыстады. Мегаполис басшысы мерекенің тарихи маңызына тоқталып өтті. 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы маңызды кезең болып, еліміздің Тәуелсіздікке қарай жасаған қадамдарына жол ашты.

«Биыл бұл мереке Қазақстанның жаңа тарихи белесі – Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Егемендік пен елдіктің негіздерін сақтау және нығайту – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Қала әкімі, сонымен қоса, елімізде жалпы ұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституция негізінде саяси және қоғамдық жаңару үдерістері жалғасып жатқанын атап өтті. Ата заң мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға негіз болды.

Шымкенттің дамуы туралы сөз қозғаған қала әкімі мегаполистің жетістіктеріне тұрғындардың қосып отырған үлесінің маңызын атап өтті. Бүгінде қаланың экономикалық әлеуеті артып, инвестициялар жұмылдыруда, инфрақұрылымды жетілдіріп, білім, мәдениет және спорт салаларындағы мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Бұл бағыттар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және қаланың одан әрі дамуына ықпал етеді. Салтанатты іс-шара «Бүгінгі Қазақстан» атты музыкалық-театрландырылған қойылыммен жалғасып, мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды